Өлімге әкелген челлендж: Әйел қызының қазасы үшін TikTok-ты сотқа берді
10 жастағы америкалық Нила Андерсон TikTok әлеуметтік желісіндегі қауіпті челлендж жасаймын деп қайтыс болған. Оның анасы Тавайна қызының 2021 жылдың желтоқсанындағы қазасына байланысты TikTok әлеуметтік желісі мен ByteDance аналар компаниясын компаниясын сотқа берді. Әйелдің арызы Пенсильвания штаты сотының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Gazeta басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатта Ниланың блэкаут-челлендж аталатын тұншығу арқылы есін жоғалту сынағын жасағаны айтылған.
Сот ісіне сәйкес, 2021 жылдың 7 желтоқсанында анасы ес-түссіз жатқан қызын жатын бөлмеден тауып алып, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Бес күннен кейін қыз қайтыс болды. Әйел әлеуметтік желі баланың өліміне кінәлі деп санайды.
- Әкесі мен баласы өздерін тонауға келген жігітті ұрып, саусағын кескен: Сот оларды кінәсіз деп таныды
- Бірден тоғыз сәбиді дүниеге әкелген ана жақында балаларының бір жасқа толуын атап өтеді
"TikTok алгоритмі Нила үшін бұл челлендж қызықты екенін анықтады. Бұл оның өліміне себеп болды", – деді анасв Тавайна Андерсон.
Оның айтуынша, челлендж салдарынан кем дегенде төрт адам қайтыс болған, бірақ TikTok пайдаланушылар мұндай видеоларды көрмейтіндей етіп алгоритмді түзетпеген.
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді