AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі мен баласы өздерін тонауға келген жігітті ұрып, саусағын кескен: Сот оларды кінәсіз деп таныды

Жаңа Зеландияда ер адам мен оның ұлы өзін тонамақ болған жеткіншекті ұрып, саусағын кескен. Сот екеуін де бірқатар қылмысқа қатысты айыпсыз деп таныды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме беріп.

Жаңа Зеландиялық ер адам Уильям Берр мен оның ұлы Шон үйіне басып кірген жасөспірімді пышақтап, саусағын кесіп тастаған. Уильям Беррдің Жаңа Зеландиядағы King Country атты мекендегі үйіне 17 жастағы жігіт пен оның құрбысы үш рет тонау мақсатында кірген.

Аты-жөні аталмаған 17 жастағы жасөспірім ер адамның үйіне үш рет келген. Үшінші рет ол Беррдің көлігінің кілтін алмақ болған.  

Сот құжаттарына сәйкес, жасөспірім бурбон мен каннабис ішіп алған соң Беррді тағы да тонауға келген. Оны құрбысымен бірге Беррдің үйіне немере ағасы таңертең әкеліп тастаған. Кілтті таппаған соң тонаушылар оның жатын бөлмесіне кірген.



Содан кейін Берр жасөспірімдерден жеңілгенін мойындап, кілттің қайда тұрғанын көрсеткен. Осылайша екеуінің назарын аударып, өзі мылтығын алып үлгерген.

Жасөспірімдер еденде құлап жатқан кезде, Берр полицияны, ұлы мен көршісін шақырған. Содан кейін ер адамның ұлы оқиға орнына келген. Берр ұлына тұруға тырысып жатқан ұрлықшы баланы ұруды бұйырған.

17 жастағы жігіттің қолында пышақ болғандықтан баласы оны бірнеше рет соққыға жыққан. Айқтанын тыңдамағандықтан Берр жігіттің саусағын кескен. 

Полицейлер келгеннен кейін 17 жастағы жігітті тікұшақпен Вайкато ауруханасына жеткізіген, ал қыз зардап шекпеген.  

Жақында сот қазылар алқасы Уильям Берр мен оның ұлы Шонға қатысты айыптаулардан босатты. Полиция жасөспірімдерге қарсы айып тақты. Бала ұрлық үшін сотталды, ал қызбен Жастарға көмек беру мекемесі айналысатын болды.

Сот екі жеткіншекті жерде жатқан кезде үстінен басқаны үшін Беррді кінәлі емес деп таныды.  Сондай-ақ, әкесі мен ұлын іске қатысты барлық айыптар бойынша кінәлі емес деп тапқан. Қазылар алқасына бұл шешімді шығаруға 45 минут қажет болған.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр