Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олигархтардың ұлдарымен төбелескен: Алматыда мейрамхана күзетшілері мен диджей 6 жылға сотталды

Алматыда миллионерлер Бахаридин Әбләзімов пен Дінмұхамед Ыдырысовтың ұлдарымен төбелескен Little Brazil караоке-барының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

11 қазанда Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 соты аталмыш мейрамхана қызметкерлерін 6 жылға бас бостандығынан айырды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматыдағы Little Brazil караоке-барына жаппай төбелес болған. 9 қаңтарда әлеуметтік желіде мекеме әкімшісі мен диджей болған оқиғаның мән-жайын баяндап, бейнежазба жариялады. Олардың айтуынша, төбелес шығарғандар өздерінің олигархтардың ұлдары екенін айтқан. Олар өздерін агрессивті ұстаған және караоке қызметкерлеріне бірінші болып шабуыл жасаған, сонымен қатар олармен бірге жеке күзетшілер де болған.

23 пен 29 жас аралығындағы жігіттер ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі "Атыс және газды қаруды қолдана отырып жасалған ұсақ бұзақылық", ҚК-тің 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру",  ҚК-тің 107-бабының 2-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Нәтижесінде сот мейрамхананың бес күзетшісін, диджей және мекемеге келуші қонақты алты жылға бас бостандығынан айырды.

БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, полицияға тек миллионер Бахаридин Әбләзімовтің ұлы Нұрмұхамет Нұғманов пен оққағарлары ғана шағымданған. 

Талқылау