Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ольга Рыпакова әлем біріншілігінің финалына шықты

ХVІ әлем чемпионатында әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысынан іріктеу сыны өтіп, Ольга Рыпакова финалға бірінші орынмен шықты. Әлем чемпионатына жеңіл атлетиканың осы түрінен 26 спортшы іріктелініп алынған болатын. Олардың 12-сі ғана финалға шығуы керек.

9898

Бұл туралы kazathletics.kz хабарлайды.

Әр спортшыға үш мүмкіндіктен беріледі. Ал финалға жолдама беретін меже 14,20 метр көрсеткіш еді. Бірақ бұл межеден асқандар аз болса, соған жетеқабыл нәтиже көрсеткендер де финалға шығады. Қысқасы 12 спортшы шығуы керек.

Біздің елден 2 спортшы үш қарғып секірушілер арасында бақ сынау құқығына ие болған. Олардың бірі – 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, екіншісі – жақында ғана Азия чемпионы болған Мария Овчинникова. 26 спортшы екі топқа бөлінді және қазақстандық қыздар екі бөлек топта өнер көрсетті. Яғни Мария «А» тобында», ал Ольга «В» тобында бақ сынады.

Ольга Рыпакова өз тобында екінші болып шығып, бірінші мүмкіндігінде 14,57 метрге қарғып, финалға шықты. Әрі стадион толы көрермен Ольгаға риза болып, ду қол шапалақтап, құрмет көрсетті. Колумбияның мақтанышы Катрин Ибаргуэн де бірінші мүмкіндігінде финалда бақ сынау құрметіне ие болды. Бірақ оның көрсеткіші – 14,21 метр болды. Венесуэла аруы Юлимар Рохас бірінші мүмкіндігінде 14,17 метрге қарғып, екіншісінде 14,52 метрді еңсерді. Португалия қызы Пастрисиа Мамона да (14,29), Ямайка үміті Шениека Риккетс те (14,21) екінші мүмкіндіктерінде финалда бақ сынау құқығына ие болды.

Қалған қыздарға үш мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға тура келді. Сонымен финалда өнер көрсететін 12 спортшы іріктелініп алынды. Өкінішке қарай екінші қызымыз Мария Овчинникова финалға ілікпеді. Бірінші мүмкіндігінде 13,18 метрге секірген, екіншісінде 12,90 метр көрсеткішпен шектелді. Үшіншісінде алысқа секірген сияқты еді, бірақ қарғу сызығын басып кетіпті. Оның бұл мүмкіндігі есепке алынған жоқ.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық спортшы 30 секундта қарсыласының аяғын аспаннан келтіріп жеңіске жетті (видео)

Неймар әлем футболы тарихында бұрын-соңды болмаған бағаға сатылды

Светлана Подобедова ана атанды

Нью-Йорктың ең үздік полицейі Димаштың 9 қыркүйек күнгі қарсыласы анықталды

Талқылау