Әнұран орындаудан бас тартқан Иран футболшыларына Аустралия баспана бермек

Футболдан Азия кубогы аясындағы матч алдында Иран әйелдер құрамасы мемлекеттік әнұранды айтудан бас тартқан еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
BBC мәліметінше, бұл әрекет Иран қоғамында қатты сынға ұшыраған. Кейін ирандық футболшылар 5 наурызда Аустралияға қарсы (0:4) және 8 наурызда Филиппинге қарсы (0:2) өткен матчтарда әнұранды айтып, әскери сәлем берген.
Сонымен қатар CNN және BBC Иран құрамасының бес ойыншысы қонақүйден кетіп қалғанын және қазір "қауіпсіз жерде" екенін хабарлады. Осы жағдайдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Азия кубогы аяқталған соң Иран әйелдер құрамасының ойыншыларына Аустралияда баспана беруге шақырды.
Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Трамптың айтуынша, егер Аустралия билігі футболшыларды Иранға күштеп қайтарса, бұл "аса ауыр гуманитарлық қате" болмақ.
"Олай жасамаңыз, премьер-министр мырза! Оларға баспана беріңіздер. Егер қаламасаңыздар, оларды АҚШ қабылдауға дайын", – деп жазды Трамп.
Ол сондай-ақ футболшылар Иранға оралған жағдайда "өлтірілуі мүмкін" екенін айтты.
Айта кетейік, осы жағдайдан соң Азия кубогында жеңіліп қалған Иран әйелдер құрамасына Австралия гуманитарлық виза берді. Бұны сол елдің иммиграция министрі Тони Берк мәлімдеді. Сондай-ақ ол футболшылары қауіпсіз жерге көшіргендерінде атап өтті.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті