"Олар халық жауы": Мәжіліс депутаттары "СК Фармация" компаниясын жемқор деп айыптады
Мәжіліс депутаттары Ирина Смирнова мен Снежанна Имашева желідегі парақшаларында фармацевтикалық ұйымдардың әрекетіне қарсы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ирина Смирнова желідегі парақшасында қазақстандық дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалғыз дистрибьюторы - СК-Фармацияны "жемқор және біреудің мүддесін қорғайды" деп айыптаған.
"Мен заңгер емеспін. Өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектерді номиналды бағадан он есе жоғары бағамен сатуды қалай білуге болатынын білмеймін. Дәрі-дәрмекті артқы есік арқылы қалай сатуға болады? Олардың жетіспеушілігін қалай жасанды түрде жасауға болады. Сіз қалай тегін берілуі керек дәрі-дәрмекті сатасыз? Мен мұны қылмыс және тонау, адамдардың қайғысы мен көз жасы арқылы байу деп санаймын. Бұлар фармацевт емес. Бұл отанның жаулары, халық жауы. Оған қоса, жемқор әрі бір адамың ғана мүддесін қорғайтын "СК Фармация" бізге керек пе", - дейді Смирнова.
Ал Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі «Дәрілік заттардың бағаларын реттеу ережесін бекіту туралы» заң аясында түсіндіріп берді. Оның сөзінше, дәрі-дәрмектердің бөлшек сауда бағаларын «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы ұлттық сараптау орталығы» РМК есептейді және оны денсаулық сақтау министрлігі бекітеді деп түсіндірді.
- Дәрі-дәрмектердің қымбаттауына байланысты қайда шағымдануға болады
- "2 мыңның дәрісін 45 мың теңгеге сатып жатыр": Қазақстанда дәрілерді заңсыз сатқандармен күрес басталып кетті
"Ұлттық орталық бағаларды нақтылап тізім жасауы керек. Барлығына бегілі болу үшін реми ақпарат көзінде жариялаған жөн. Бағалардың белгіленген мөлшерден ауытқуы заңды бұзу болып табылады", - деп жазды ол.