Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біздің жолымыз болды: Шарын шатқалында туристер тобы өлім аузынан қалды

Шарын шатқалында тағы бір қайғылы жағдай болды. Бір топ турист шатқалдан шыға алмай қалды, деп хабарлайды Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 11 маусымда шамамен 20:00-де әлеуметтік желілерді бақылау кезінде Шарыннан туристер тобы шыға алмайтындығы анықталды, атап айтқанда блогер Тайыр Марасуловтың инстаграм-аккаунтында көмекке шақыру туралы жазба жарияланды .

"Дереу оқиға орнына Алматы облысының төтенше жағдайларды жою бөлімінің күштері мен құралдары және "Шарын шатқалы” мемлекеттік ғылыми-өндірістік кәсіпорны жіберілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

ТЖД 11 маусымда Кіші Шарын шатқалы аумағында жауын-шашын әсерінен көлбеу ағын пайда болғанын, соған байланысты сол жерде дауылды ескерту жарияланғанын атап өтті.

Жеті адамнан басқа демалушылар болған жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті кезекті рет азаматтарды ауа райының өзгеруін қадағалап, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Шарындағы селден аман қалған қыз қалай құтқарылғанын айтып берді.

Талқылау