Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тастарға жармасып тұрдық": Шарындағы селден аман қалған қыз қалай құтқарылғанын айтып берді

Шарын шатқалында жоғалған 11 жастағы оқушы болған оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ қызды құтқаруға қатысты видео жариялады. Ол жартасқа қалай көтеріліп, көмек күткенін айтты.

"Жаңбыр басталды, біз бәріміз сыныптастарымызбен тығылдық. Содан кейін жауын қатты құйды, біз тастарға жармасып тұрдық. Тас біздің бәрімізді ұстай алмады. Жай ғана жатып қалдым", - деді құтқарылған мектеп оқушысы.


Турист 100 метр биіктіктегі желден үзіліп кете жаздаған көпірдің ортасында қалып қойған 


Оқушы қыз суға ағып кеткеніне қатысты ештеңе есінде қалмағанын айтады.

"Тастың бір жағын ұстап, оған шығып алдым. Сол жерден мен жартасқа өрмелеп шықтым, басында шыға алмадым, бірақ содан соң қолымнан келді", - деді қыз.

Айта кетейік, 2010 жылғы қыз жексенбіде, сағат 09.34-те табылды. Оны Шарын шатқалының қызметкері өзен бойындағы жағалау сызығын тексеру кезінде тапқан.

Талқылау