"Түрмеден әрқашан менікі дұрыс деген оймен шықты": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-жұбайымен отбасылық өмірі қалай болғанын айтып берді
Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қаһарман отбасылық өмірі туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Умные люди с Асель Кожаковой" YouTube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Сұхбат барысында Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты. Ол отбасын құрған алғашқы жылдары қатынастары жақсы болғанын жеткізді. Бишімбаев ажырасқаннан кейін экс-әйелін материалдық тұрғыда көмексіз қалдырған. Ол Назым басқаратын фитнес-клубты тартып алған.
"Кім ажырасқысы келеді дейсіз. Ажыраспас бұрын алдын ала дайындалуымыз керек. Кетуге және қарсы тұруға моральды және қаржылай жағынан дайын болуымыз керек. Әйтпесе, ол жақсылықпен жібермейді", – деді Назым.
Назым Қаһарман Бишімбаевтың үш жылға жуық түрмеде отырғанын еске алды. Ол бостандыққа шыққанда ерлі-зайыпты бір ай ғана бірге тұрған.
"Түрме адамдарды өзгертеді. Мұндай өмірлік сынақтан кейін адам түбегейлі өзгеріп, өзін жақсы күйеу, жақсы әке ретінде көрсетуге тырысады. Мен оған соңғы мүмкіндік беріп көрдім. Түрмеден әрқашан менікі дұрыс деген оймен шықты. Мүмкін өзгерген шығар деген ой болды. Біз бір айға жуық бірге тұрып көрдік. Алайда ол өзгерген жоқ. Қуандықпен көп сөйлестім, оған өзгеру үшін психологиялық және рухани тұрғыда жұмыс істеу керегін айттым”, – деді Назым Қаһарман.
Ол осы уақыт аралығында Бишімбаев екеуінің арасында үлкен жанжал болғанын, бұл қайтып оралуға мүмкіндік бермейтін жағдайға айналғанын айтты.
"Шамамен үш күн бойы ұрыс-керісті тоқтатуға тырыстым. Шын мәнінде, зорлықшыларға сіздің эмоцияңыз керек. "Сен жаман әйелсің?", "Неге сен үшін бәрін жасадым?" деген сынды сөздерді айта бастайды. Үнемі сені кінәлі етіп шығарғысы келеді. Олар сенің қаныңды, энергияңды, ашуыңды, көз жасыңды, өзіңді кінәлі сезінуіңді қажет етеді", – деп қосты Назым Қаһарман.
Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаев Салтанатқа үйленген соң оған көлік сыйлағанын айтты. Жазда ажырасқаннан кейін Байжановқа көлікті Алматыға апарып беруін өтінгенін жеткізді. Алайда ол “көлікті Назым Қаһарман ұрлады, Байжанов екеуі мені түрмеге қаматып, мүлкімді бөліп алғалы жатыр” деп экс-жарын айыптады.