Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ол - менің досым, бірақ мен үшін шындық қымбат”: Түсіпбаева Димаш жайлы айтқан әріптесіне қарсы шықты

Меруерт Түсіпбаева Димаш Құдайбергенге қолдау көрсетті. Әнші жас әріптесіне қатысты айтылып жатқан пікірмен келіспейді. Керісінше әлемге танылған Димаштың мақтауын асырды.

“Әлемге қазақша үйреткен. Әлемге қазақ тілінде ән салдырған. Әлемді қазақша сөйлеткен. Әлемге қазақты танытқан – Димаш. Есен-аман бол. Димашқа қатысты қандай қысым болса да, кімнің тарапынан болса да, мен оны өзін көрсетудің амалы деп білемін. Платон менің досым, бірақ мен үшін әрқашан шындық маңызды”, – деді мысқылдап. 

Бұған дейін әнші Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергенді дауысы дұрыс қойылмаған әнші деп мін таққан еді. Оны алысқа бармайды деген пікірін жеткізді. Алайда бұл көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Әсіресе, желідегі Димашың тыңдармандары оны қолдай түсті. 

Меруерт Түсіпбаеваның желідегі оқырмандары да әншіні қостай жөнелді. 

“Шадаева жас баланың аяғынан шалмасын, жастар өссін, алға Димаш”, “Ұят болды. Димашқа тіл тигізбесін”, “Димашқа мектептің қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі әлемдік деңгейдегі сайыстардан оза шапқан Димашқа ол үлкен мектеп деп ойлаймын”, “Басқа айтатын әңгіме қалмаған ғой. Димашты мектептен өту керек дейді”, “Дәл осы тақырыпты қояйықшы, әркім өзін танытқысы келеді”, – деп жазды олар.


“Танымал адамдар арқылы өзіне пиар жасағысы келеді”: Дәулет Мұқаев Димашты сынаған Бақыт Шадаева жайлы 

Талқылау