Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол қатарда мен де бармын": Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйел болудың қиындығын айтты

Танымал әнші Айгүл Иманбаева жеке өмірінен сыр шертіп, жалғызбасты әйелдің мәселесін қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/

Актриса әлеуметтік желіде ажырасқан әйелдер, олардың жан жарасы жайлы сөз қозғады. 

"Кейде маған қоғамда жалғызбасты әйелдерге орын жоқ сияқты көрініп тұрады. Себебі жылғызбасты әйел өз орнын, еншісін қолымен жұлып алғандай алмаса, орнын таппауы да мүмкін. Байқайсыздар ма, біздің қоғамда қазір "Мен жалғызбасты анамын, әкесіз бала өсіріп отырмын. Менің жағдайым жоқ" деген сұрақ көп. Жалғызбасты әйелдер өзін жаралы, керексіз сезініп жатады. Әрине, ол қатарда мен де бармын”, – деп бастады әңгімесін өнер иесі. 



Сондай-ақ өзі де сол топқа жататынын жасырмай, жалғызбасты әйел болудың қиындығын айтып берді. 

“Жалғызбасты әйелдердің қатарында мен де бармын. Себебі жалғызбасты болғаннан кейін, ажырасқаннан кейін өз басымнан өткен оқиғаны айтайын. Ажырасқаннан кейін әйел ішпей-жемей жүргішке, бұзық әйелдің қатарына жатып кетеді. Автоматты түрде сені солай жатқызады. Той-томалаққа жалғыз барсаң, күйеуін тартып алып қоятындай, әйелдер күйеуін қызғанады. "Мына байғұс әлі күйеусіз жүр ма?.." деген көздерді көресің. Осындай қызық дүниелер бар. Көп әйел комплекске кіріп кетеді. Жараланған, жалғызбастымын деген қалыпқа кіре бастайды. ...Жалғызбасты әйелге еркектің күшіндей-күш, еркектің энергиясындай энергия, кейде еркектің психологиясы да қажет болады. Әрине еркек бола алмайсың, бірақ балаңды жеткізу үшін, қоғамда өзіңнің орнынды алу үшін, қажымайтын қайрат, күш, білім керек болады және өзіңді сыйлата білу үшін мінез керек. Былай айтқанда, әйелдік нәзік энергияңды еркек энергиясына айырбастауға тура келеді. Сіздер осыған келісесіздер ме?", – деді актриса. 

Айта кетейік, өнер иесі бұрынғы күйеуі, кинопродюсер Сәбит Әбдіхалықовпен бір киноға түсіп жатқанын жазған едік.

 

Талқылау