“Ол әскери қызметке жарамсыз болатын”: Министрлік "Вагнер" қатарына кірген қазақстандық студент туралы пікір білдірді
ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Қаныш Әбубәкіров ОКҚ-де өткен брифингте "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясына өткен қазақстандық студент туралы пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бас штаб бастығы ресейлік ЧВК "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының сапына өтті делінген 23 жастағы қазақстандық жігіттің әскери қызметке жарамсыз болғанын мәлімдеді.
"Ол азамат туралы айтсақ, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрамында әскери қызмет етуге жарамсыз болған. Қалған мәліметке келсек, қазіргі таңда бұл мәселемен айналысып жатқан өзге органдар бар. Солар аталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға береді", - деді Қаныш Әбубәкіров.
Еске салсақ, бұған дейін Ресейде оқитын қазақстандық студент өз еркімен ЧВК "Вагнермен" келісімшартқа отырғанын айтып, үндеу жасаған еді.
Кейін Сыртқы істер министрлігі қазақстандық студенттің қылмыстық жазаға тартылатын мәлімдеді.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”