Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол әлі де ойнайды": Аргентина бапкері Месси туралы айтты

Месси Скалони
Фото: instagram.com/afaseleccion

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони 2026 жылғы әлем чемпионатының Испанияға қарсы өткен финалынан кейін ұлттық құраманың жұлдызы Лионель Месси туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас бапкер әлем чемпионатының финалындағы жеңіліске қарамастан, Мессидің әлі де әлемдегі ең үздік футболшы екенін атап өтті. Оның сөзінше, Месси үздік ойынша және өзімен әбден мақтан тұта алады. 

“39 жас үшін бұл керемет көрсеткіш. Өз басым оның мансабын қашан аяқтайтынын өзі шешкенге дейін футбол ойнай беретініне толық сенімдімін.  Командадағы әріптестері де, оның айналасындағы адамдардың бәрі де ол үшін барын салады. Ол өз командаластарын мақтан тұтады деп үміттенемін. Сондай-ақ жанкүйерлер ұлттық құрамасын, Мессиді және оның футбол үшін жасаған барлық еңбегін мақтан тұтады деп сенемін. Менің ойымша, ол – футбол алаңына шыққан ең үздік ойыншы. Бұл әлем чемпионатында көрсеткен ойыны таңғалдырды", – деді Скалони.

Ол Мессидің аңыз ретіндегі мәртебесі әлдеқашан қалыптасып қойғанын атап өтті.

Еске салайық, Испания Аргентинаны қосымша уақытта жеңіп, Әлем Чемпионы атанған еді. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 20 Шілде, 2026 11:14