ӘЧ-да жеңіліске ұшыраған Месси көз жасына ерік берді
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионатының финалында жеңілгеннен кейін көз жасына ерік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Лионель Месси матчты негізгі құрамда бастап, ойынның соңына дейін алаңда болды. Алайда аргентиналық шабуылшы бұл кездесуде гол соғып немесе нәтижелі пас беріп, командасына көмектесе алмады.
Еске салайық, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп, Испания құрамасының қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіске жетуімен аяқталды.
Кездесудегі жалғыз голды Ферран Торрес соқты.
Қарсыласының жеңісін білдірген соңғы ысқырық естілген сәтте Месси көгалға жата кетіп, жүзін қолымен жауып қалды. Кейін марапаттау рәсімінде күміс жүлдені алып жатқанда, ол көз жасын тыя алмады.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"
