Астанада футбол академиясында қақпа баланың үстіне құлап, ол ауыр хәлде жатыр
Астанада жаттығу кезінде үстіне футбол қақпасы құлаған баланың қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан футбол федерациясы Астанада болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Оқиға жаттығу кезінде болған. Футбол қақпасы баланың үстіне құлаған. Бала медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Ал Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайын айтты.
“Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Қазір қажет қарқынды ем жүргізілуде, балаға толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп жатыр”, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында велосипедпен құдықтың бетон қақпағына соғылған жасөспірім ауыр жарақат алғаны туралы жазған едік.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда