Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол ақталса менің өміріме қауіп төнеді": Елордалық кәсіпкер өзін өлтіруге тырысқан досының жазаға тартылғанын қалайды

"Ол ақталса менің өміріме қауіп төнеді": Осыдан жеті жыл бұрын бала күнгі досының тапсырысымен жалдамалы жендеттер атқан оқтан жарақат алған Олжас Мұқажанов осылай деп бүгін журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап.

касипкер

Себебі бірнеше жылдан кейін Нұр-Сұлтан қалалық сотында қайта қаралып жатқан сотта сөз алған прокурор, "травматикалық қарумен бір жарым метрден атылған оқ адам өліміне әкелмейді деген Васильев есімді сарапшының қорытындысына сілтеме жасап, "адам өлтіруге оқталу" бабын "бұзақылыққа" ауыстыру жөнінде ұсыныс айтқан. "Қылмыстық істің бабын ауыстыру – адам өлтіруге тапсырыс берушіні ақтау", – дейді кәсіпкердің өзі.

Айта кету керек, 2014 жылы кәсіпкер Олжас Мұқажанов пен оның танысын белгісіз біреулер травматикалық қарумен Бәйтеректің түбінде атып кетеді. Алты оқтың бірі кәсіпкердің басына тиген.



Кейін Олжас Мұқажановтың бизнесін тартып алу үшін оны өлтіруге тапсырыс бергісі келгендердің қылмысы сотпен дәлелденіп, бас бостандығынан айырылады. Ал қылмысқа тапсырыс берді деген айыппен кәсіпкердің досы Ерлан Анарбекке халықаралық іздеу салынған. Кәсіпкер, егер қылмыстық істің бабы бұзақылыққа бұрмаланса, тапсырыс беруші жазадан құтылып кетеді деп қапалы.

"Cотталушылар барлық шындықты айтқан болатын. 2018 жылы Жоғарғы сотта ісіміз қаралып жатқанда, сотталушылар, Анарбек Ерлан Садыровтан мықты жігіттер тауып бер деп өтінгенін, Садыров оған тауып бергенін, оларға тапсырыс бергенін айтқан. Енді қалай бұл іс бұзақылық бабымен қаралуы керек? Анарбек Ерланның танысы көп, қолы ұзын. Ол ақталса, менің өміріме қайта қауіп төнеді", – деп үрейленеді жәбірленуші Олжас Мұқажанов.

Талқылау