Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаруды басқаға кезеген: Алматы облысында ер адам жақын досын атып өлтірді

Алматы облысында 25 жастағы жігіт абайсызда досын өлтіріп алды. Күдікті қаруды өзгеге кезегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Оқиға Талғар ауданында болған.

1 қазан күні түнгі 01:00 шамасында полицияға Бесағаш ауылы тұрғынының жарақаттанғандығы жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылар мейрамханада екі топтың арасында жанжал болғанын анықтаған.

Ауруханаға түскен 25 жастағы ер адам алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Төбелескендер оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті ұсталды. Ол мерт болған азаматтың жақын досы болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындады.



Оның айтуынша, ол қаруды жанжал барысында өзгеге бағыттаған. Бірақ досы оны тоқтатпақ болған сәтте қару досына атылып кеткен. Досын ауруханаға дейін жеткізген, бірақ артынша жауапкершіліктен қашып, кетіп қалған. Жанжалға қатысқандардың барлығы оқиға орнынан ізін суытқан. Ал 25 жастағы күдікті 12 калибрлі қаруды жүгері өсетін аймақтан тауып алғанын жеткізді. Оқиға болған соң ол қаруды өзенге ағызып жіберген. 

Қазір досын өлтірді деген 25 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды, тергеу жалғасуда.

Талқылау