Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында малшы ауылдасын атып өлтірді (видео)

Қарағанды облысында малшы ауылдасын мылтықпен атып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллиннің айтуы бойынша, оқиға 29 қыркүйек күні кешкі сағат 18:00 шамасында болған. Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылы маңында оқ жарақаты бар 50 жастағы ер адамның мәйіті табылған. 

“Полицейлер күдіктіні ізін суытпай тапты. Ол сол ауылдың 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам сол күні ішімдік ішкен күйде мал бақпақшы болған. Ал жәбірленуші оған ескерту жасаған. Екеуі сөзге келіп қалды. Арты жанжалға ұласып, бақташы қару қолданған", – деді ол. 

Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің қаруы тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетері, бұл бап бойынша сегіз жылдан он бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

 

Талқылау