Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол адамды алдама": Ерке Есмахан тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді

Танымал әнші Ерке Есмахан тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес беріп, оқырмандарымен сырласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иесінен көпшілік толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. “12 жас үлкен жігіт сөз салды. Қалай қабылдасам болады” деген сұраққа әнші кеңінен тоқталды. 

“Не үшін қиналып қабылдайсыз?! “Қалай қабылдаса болады деген сөздің өзі махаббат жоқ дегенді білдіреді. Бәрін қоя салыңыз. Өзіңізді де оны да алдамаңыз. Махаббат – бөлек әлем. Жасқа, ұлтқа, салмаққа қарамайтын ғажап сезім. Оны сезгенде қалай қабылдаймын деген сұрақ тумауы керек. Жүрек дүрсілдегенде ұшып кетесің”, – деп жазды әнші. 



Одан кейін Райм екеуінің арасындағы сезімнің қалай пайда болғанын да айтып берді. 

“Біздің жұпта Райм маған ғашық болды. Сезімін білдірді. Ер мінезімен баурады. Менде де ұшқын болды. Бірақ қыз секілді мінез болды. Назданып, қырсықтым. Ақыры екуміз де ұлы сезімге мойынсұндық. Соңында шаңырақ көтердік”, – деді әнші. 

Еске салайық, Ерке Есмахан бірінші некесіне қатысты сұраққа жауап берген еді. 

Талқылау