Оқушылар тікелей эфирде 15 жастағы қызға пышақ тығып өлтірген
АҚШ-та жасөспірімдер супермаркетте 15 жасар қызды өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға АҚШ-тың Луизиана қаласындағы Walmart супермаркетінде болған.
Полиция 12-14 жастағы төрт қызды 15 жасар қызды өлтірді деген күдікпен ұстады. Күдіктілер Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде тікелейй эфирге төбелес пен кісі өлтірген сәтін түсірген.
Қыздардың бірі жәбірленушінің жүрегіне пышақ тыққанын айтып, айқайлады.
"Біз қазір ғана онық жүрегіне пышақ тықтық. Бізге бәрібір", - дейді ол.
- 2020 жылы өмірден озған танымал қазақстандықтар
- Үйлену тойында қалыңдықтың туыстары күйеу жігіт пен оның ағасын атып өлтірді
Ақпаратқа сәйкес, жасөспірімдер пышақты ұрлап алған.
15 жастағы жәбірленуші ауруханада көз жұмды, ал төрт шабуылдаушы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған уақытша ұстау орталығына орналастырылды.
Шабуылдың себептері айтылмады. Полиция қақтығыс жақын маңдағы кинотеатрдан басталған болуы мүмкін деп болжайды.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған