Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйлену тойында қалыңдықтың туыстары күйеу жігіт пен оның ағасын атып өлтірді

Жаңа Мәскеуде қала сыртындағы клубта өткен үйлену тойында күйеуі жігіт пен оның інісі атып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 23 қаңтарға қараған түні - мерекені мекемеде тойлаған екінші күні болған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, күйеу жігіт қалыңдығы жағынан келген қонақтардың бірімен жанжалдасқан. Ашуланған қарсыластар күйеу жігіт пен оның ағасын мәселені жігіттерше шешуге шақырып, атып тастайды. Содан кейін жол талғамайтын қара көлікпен қашып кеткен.

"Московский комсомолец" басылымы оқиғаның мән-жайын анықтады. Қаза тапқандар Молдованың тумалары болып шықты - 34 жастағы күйеу жігіт Радик Кординану және оның 36 жастағы ағасы Филип Кординану. Екеуінің де Ресей азаматтығы болған.

Басылымның мәліметінше, текетірес би жарыстан басталған. 

РЕН ТВ телеарнасы кісі өлтіру орнынан видео жариялады. Ұсынылған кадрларда қылмыс ойын-сауық клубына кіре берісте болғанын көруге болады. Шамасы, қылмыскер жәбірленушілерді мекемеден шығарып үлгерген.

 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кісі өлтірген екі күдіктіні ұстады.

Талқылау