"Өкпеге дем жетпейді": Атырауда экология үшін бейбіт шеру өтті
Жексенбі, 9 сәуір күні Атырауда алғаш рет экология үшін санкцияланған митинг өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Қаланың экологиялық мәселелеріне назар аудару үшін "Мұнайшы" стадионының алдына 400-ге жуық адам жиналды.
Митингке қатысушылардың басым бөлігі жастар болды, бірақ егде жастағы адамдар да шықты. Олардың қолында "Өкпеге дем жетпейді", "Тыныс алу мүмкін емес", "Атырау тынысы", "Экология пайдадан қымбат", "АМӨЗ бізді уламаңыз", "Экологиялық Кодекстің 198-бабының орындалуын талап етеміз"деген жазулары бар плакаттар болды.
Митинг бейбіт тәртіпте өтті, полиция шетте тұрды. Акцияға қатысушылар арасында журналистер мен қала белсенділері болды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар