ОҚО-да тойда аспанға оқ атқан жігіттер келінді жаралап алды
Оңтүстік Қазақстанда бір топ жігіт үйлену тойына келген қонақтардың назарын аудару үшін аспанға оқ атам деп, қалыңдықты өлтіріп қоя жаздады. Оқиға Сайрам ауданында болған,-деп жазды КТК арнасы.

12-ші калибірлі аңшы мылтығы, шолақ мылтық және травматикамен аспанға оқ жаудырған 3 жігіттің бірінің қару тайып кеткен болуы керек, оқ келін түсіп жатқан «Бентли» көлігіне тиген.
Сөйтіп, бытыраның бірнешеуі 21 жастағы қалыңдық пен оның жанында тұрған 65 жастағы әйелді жаралапты. Қайта, екеуінің де жарақаты жеңіл. Ал, тойдың шырқын бұзған тентектерге қатысты екі бап бойынша айып тағылды. Енді олар тілек орнына тергеушілерге мылтықты қайдан алғанын айтып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жас жігіт өзін мазақ еткен жеткіншектен кек алу үшін оның анасымен төсек қатынасына барды
Ұл қалаған ата-ана жаңа туған қызын тікенді қуысқа тастай салған (фото)
Ерлі-зайыпты ғаламторда танымал болу үшін өз балаларын қорлап келген (видео)
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған
"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген
Бағдат Мусин басқаратын Қазақтелекомда жалпы сыйақы көлемі 752,3 миллион теңге болған