Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да тауға кеткен 2 азамат жоғалып кеткен

12 тамыз күні екі бірдей турист Сайрам-су шатқалына кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы туристердің туыстары ОҚО төтенше жағдайлар бойынша департаментіне екі күн өткен соң хабарлаған.

20170815170201

Бұл туралы tvk-uko.kz хабарлады.

14 тамыз күні күндізгі уақытта туристерді іздеуге 5 адамнан құралған құтқарушылар тобы аттанды. Екі сағаттан кейін 1985 және 1986 жылы туған ер адамдар Төле би ауданындағы Кіргелі шатқалынан 3 километр жерден табылды. Олар медициналық көмекті қажет етпеді.

«Тауға шығатын болсаңыздар, бағыттарыңызды алдын ала нақты белгілеп алыңыздар. Өз бетімен тауға шығатын туристер тобы тіркеуден өтіп, қауіпсідік техникасы бойынша нұсқаулық алуы керек. Құтқарушылар туристерге барлық қажетті ақпаратты береді», – деп атап өтті облыстық ТЖД құтқару бөлімінің жетекшісі Павел Вишенин.

Жіберіп алмаңыз:

Құрттаған 35 мың тонна қарбыз тексерістен өтпеген болуы мүмкін

Денесін күйік шалған қазақ қызына Кореяда пластикалық ота жасалатын болды

Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен Air Astana жолаушысына айыппұл салынған (видео)

Павлодарда әскери кафедра студенті ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Талқылау