"Оқымаған педиатр көп": Дина Төреәлі бала күтіміне қатысты ақыл айтқандарды орнына қойды
Танымал блогер, кәсіпкер Дина Төреәлі бала күтіміне қатысты ақыл айтқандарды сөкті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Даудың басы бөпені қолға үйретіп алмаудан басталған. Сондай-ақ түрлі кеңес айтып, блогердің ашуын туғызған.
“Екі ай толмаған балада қайдағы қолға үйренген? 9 ай құрсақта өзін қауіпсіз жерде сезініп, мына әлемге келген бөпе құшақ іздейді емес пе? Қолға үйреніп кетпесін деп қалай баланы шырыдатып қоясыздар осы? Жылап, жылап өзі қояды дейтіндер де аз емес. Сосын баласы ашушаң болса неге олай дейді", – деп жазды Дина.
Жас ананың айтуынша, әркім өз баласына ненің қажет екенін бес саусақтай білетінін еске салды.
"Менің оқырмандарым арасында оқымаған педиатр, психолог, бала қараудан эксперт мамандар да бар екен. Әркімнің баласы өзі үшін. Әр ана өз баласына ненің дұрыс екенін біледі, жүрекпен сезеді. "Бұрында біз бүйттік" дейтіндерге баяғы заман сол баяғыда қалды. Қазір заман тым бөлек", – деп жауап берді.
Сондай-ақ, “3 айдан асқанда ғана массаж жасауға болатынын” айтқан оқырманын да орнына қойды.
“Массажды туғаннан бері қабылдаймыз. 9 ай бойы бүктеліп жатқан бала кішкене созылуы керек. Қинап жасап жатқан ешкім жоқ. Енем керемет массажисті тауып берді. “Кезінде біз баланы былай да былай соза беретін едік, ұазір заман басқа, арнайы адамды шақырайық” деді. Тапқан маманымыз шомылдырып, құндақтап беріп кетеді”, – деп жазды жас ана.
Еске салайық, Дина Төреәлі ұлына елде жоқ есім бергенін жазған болатынбыз.