Облысты сол жақтан басқарады: Өмірзақ Шөкеев бір ай бойы Арыста тұрады
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір ай бойы Арыс қаласында тұратын болады. Ол өңірді сол жақтан басқарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Облыс әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың сөзінше, Шөкеев бір айын Арыста өткізеді. Ол қаладағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын қадағалайтын болады.
Қалқаманов Арыс қаласында, бірінші кезекте, тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру ұйғарылғанын айтты.
Айта кетсек, бүгін Арыс қаласының тұрғындары үйлеріне орала бастады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"