Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йорктегі қазақстандықтар "Борат-2" фильміне қарсы митингке шықты

Нью-Йорктегі қазақстандықтар "Борат-2" фильміне қарсы митингке шықты. Іс-шарада түсірілген кадрлар желіде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Митинг Нью-Йорктегі ең жанданған көшелердің бірі - Times Square-де өтті. Митинг ұйымдастырушысы - қазақтан шыққан америкалық полицей Димаш Ниязов. Ол Instagram парақшасында фотосуреттерін жариялады.

"Мен елде көптеген мәселе бар екенін түсінемін. Кез келген елдің өз проблемалары бар. Бірақ оларды кезең-кезеңімен шешеміз", - деп жазды Димаш.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Dimash⚡️Niyazov (@dimash.niyazov) on

Нью-Йоркте тұратын тағы қазақстандық Абзал Бекенов отандастарымыздың "Борат" фильміне қарсы наразылығының видеокадрларын жариялады.

Қазақстандықтар Нью-Йорктегі басты алаңға жиналды. Олар Қазақстанның жалаулары мен плакаттарымен шықты. Сонымен қатар, отандастарымыз қазақ әндерін шырқап, домбырада ойнады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz) on

Бұған дейін қазақстандықтар Америкада "Борат" фильмінің шығуына жаппай наразылық білдіріп, #CancelBorat хэштегін жасады. 



Еске сала кетейік, "Борат" комедиясының бірінші бөлімі 2006 жылы жарық көрді. Онда автор ойдан шығарылған кейіпкер - қазақстандық журналист Борат Сағдиевтің бейнесін пайдалана отырып, ешқашан барып көрмеген ел жайлы баяндайды. Фильм әлемде айтарлықтай резонанс тудырды, Қазақстанда ол қатты сынға ұшырады және көрсетуге тыйым салынды.

Картинаның екінші бөлімі  "Борат: порнографиялық маймылдың вице-премьер Микаэль Пенске жақында азайған Қазақстан халқының игілігі үшін берген сыйы" (Borat: Gift Of Pornographic Monkey To Vice Premiere Mikhael Pence To Make benefit Recently Diminished Nation of Kazakhstan) деп аталады.

Фильмнің премьерасы Amazon Prime Video видеосервисінде 23 қазанда өтеді.

Талқылау