Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менен кешірім сұрады": Нұржан Керменбаев Жанар Хамитовамен қатынасы туралы айтты

Жанар Хамитованың өліміне қатысты Нұржан Керменбаев пікір білдірді. Әнші Жанардың отбасына көңіл айта отырып, Жанар екеуіне қатысты айтылған сынға жауап берді. 

Нұржан Керменбаев: Жанар менен кешірім сұраған еді

"Суық хабарды естіп жатырмыз. Иманды болғай. Артық әңгіме айтып, отбасыма тіл тигізбеулеріңізді сұраймын. Кезінде "Арнау" дуэтінің экс солисі болғандықтан да маған көптеген смс, хаттар жолдануда. Сондықтан қоғамның алдында өз ойымды жазуды жөн көрдім. Нұржан, сен ақша қарызсың деп сайраңдап жүргендерге айтарым: бос сөз сөйлеп, өз бастарыңызға күнә жинамай-ақ қойыңыздар. Себебі Жанар екеуіміздің ортақ достарымыз бар.Сол кісілер арқылы Жанар менен кешірім сұрағаны бар. Мен Нұржанға жала жаптым, кешірім сұрашы менің атымнан деген еді. Қазіргі таңда мода болып кеткен хайп үшін айтқанын жеткізді. Сол орта таныстарымыз куә. Менің Жанарға ренішім жоқ. Сондықтан кешірудің де орны жоқ деген болатынмын. Бос сөзге әуре болғанша өз өміріміздің де соңы бар екенін ұмытпайық. Бір-бірімізге жала жауып, ғайбат айтып, күнә жинағанша, өз өміріміздің де дәм-тұзы таусылатынын ұмытпайық ағайын. Шәкәрімнің сөздері осы кезде орынды болар: Біреудің мінін тергенше, жамандығын көргенше, өз ойыңды мазалап, өз бойыңды тазалап, өзіңмен күрес өлгенше...

Жанардың отбасына, ағайын-туыс,бауырларына қайғырып көңіл айтамыз. Жататын жері жайлы, топырағы торқа болғай", - дейді Нұржан желіде. 

Бұған дейін Жанар Хамитова мен Нұржан Керменбаев екеуінің арасында ғашықтық сезімі болғаны ел аузында айтылып жүрді. Мұны Жанардың өзі де растады. Сахнаға қайта оралған сәтте екі әншінің махаббат хикаясы да қайта айтылып жүрді. 

16 қыркүйек күні Жанар Хамиотованың қаза болғаны хабарланды. 

"Махаббат болды": Жанар Хамитова экс-ғашығы Нұржан Керменбаевпен кездесу ұйымдастырып беруді сұрады >>>
Талқылау