"Нұртуған атасындай жырау болсын": Өмірқұл Айниязовтың ұлы жұртты дауысымен тәнті етті (видео)
Өмірқұл Айниязовтың ұлы караокеде ән салып, жұртты тамсандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өмірқұл Айниязов баласының ән айтқан бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп, оқырмандарының пікірін сұраған. Әнші ұлының өнерін алғашқы рет тамашалап отырған көрінеді.
«Ұлым Нұртуғанның ән айтқанын алғаш караокеде бірінші рет тыңдап тұрмын. Бағасын беріп өз ойларыңызды қалдырыңыздар», - деп жазды Өмірқұл Айниязов.
Нұртуғанның өнеріне тәнті болған жұрт жігіттің талантына тамсанғандарын бірінен соң бірі жарыса жазды.
«Күшті әнші екен ғой», «Бұл жігіт әнші болуы керек. Өйткені анасы да, әкесі де өнер адамдары. Дауысы керемет. Немен айналысып жүр қазір?», «Ұлыңыздың дауысы мықты екен», «Нұртуған атасындай жырау болсын» десті жұрт.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қандай қауіп бар
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"