AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай гомосексуал кейіпкерлері бар мультфильмге Қазақстанда тыйым салынуын талап етті

Танымал кино актері, продюсер, режиссер Нұртас Адамбай “Базз Лайтер” мультфильміне тыйым салу керек деген бастама көтерді. Ол өз талабын республика президентіне жеткізгісі келеді. Бұл туралы Время газетіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған бір кейіпкер қыздың екіншісін сүйетіні көрсетілетін кішігірім эпизод себеп болды. Қыз бала екінші қыздың бетінен емес ернінен сүйеді. Эротикалық көрініс деп айтуға болмайтын шығар. Алайда екі кейіпкердің арасында әлдене бар екенін көрермен бірден ұғады.

Таяу Шығыс елдерінде, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінде бұл мультфильмді кейіпкерлердің дәстүрлі емес бағыт ұстанатындарына байланысты көрсетуге тыйым салынған. Ресейде Мемлекеттік думаның Отбасы, әйелдер және балалар комитеті төрағасының бірінші орынбасары Татьяна Бутская Диснейдің кейбір анимациялық фильмдері үшін "18+" жас шектеуін енгізу керек деп есептейді, өйткені елде дәстүрлі отбасы ұғымы бар. 



Туған жанжалға байланысты бұл эпизод қысқартылды, бірақ кейін гомосексуалдыққа цензура болмас үшін киностудия өтініші бойынша қалпына келтірілді. Яғни мәселе қағидаға кеп тірелді. 

Елімізде Нұртас Адамбай бастаған пікірталас қызу талқыланып кетті. Біреу бұл эпизодтың бейнежазбасын жүктеп салып, онда тұрған ешнәрсе жоқ екенін айтады, ал біреу дәстүрлі құндылықтарды қорғауға дайын.

Нұртастың өзі киностудия әуелі балаларды кейіпкерлеріне ғашық етіп, кейін оларға дұрыс емес құндылықтарды сіңіріп, нәзік сананы қулықпен бұзатынына ашуланады. Ал мұның алдын алу үшін арнайы заң керек.

Жағдайды шиеленістіретіні Нұртас Адамбайдың “Келинка Сабина” рөлін сомдайтын фильмдер сериясының арқасында керемет танымалдыққа ие болуы. Көрермен актердің образ үшін әйел киімін киіп, парик тағып, макияж жасатқанын ұмытпаған шығар.

Алайда қазір актер өзгерген сыңайлы. Пандемия уақытында ол дінге бет бұрған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр