AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлдарымның өлімін өзімнен көремін": Асанәлі Әшімов екі баласының қайтыс болған сәтін еске алды

Қазақ КСР Халық артисі, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов биыл 85 жасқа толды. Бір ғасырға жақындаған ғұмырында абыз актердің көрген қуанышы мен қиыншылығы көп болды. 1993 жылы жұбайынан, ал 1999 жылы қос ұлынан айырылды. Әшімов бұл қиындықты қалай өткергенін әңгімеледі. "Жаның бөлек болған соң, тірі болып тіршілік жасауға тура келеді екен", – деп көзіне жас алды абыз актер. Ол қос ұлының өліміне неге өзін кінәлады? Ұлдарының соңғы демі шыққанда не сезінді? Бұл туралы Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына ағынан жарылып сұхбат берді. 

Жұбайынан, артынан Сағи мен Мәдиінен айырылған Әшімов бұл сынақтан өткеніме "өзім де таңғаламын" деймін. 

"Өзім де таңғаламын. Кітап жаздым, оны роман етейін деп жазғаным жоқ. Майрамен (бірінші жұбайы) әңгімелесейін деп жаздым. Екіншісі – "Жан бөлек" деп балаларға арнап жаздым. 

Үйде есікті іліп алып, айқайлаған кезім болды. Тауға шығып алып, Майра деп айқайлайтынмын. Сондай әрекеттермен аман қалдық. Ауырдық, ауруханаға түстік. Жан бөлек болғаннан кейін, тірі адам тіршілігін жасайды екен. 

Қазір екінші өмір басталғандай. Адам тірі жүрсе, бәрін көре береді екенсің. Өмірім біркелкі өткен жоқ, жақсылық та, жамандық та болды", – дейді Асанәлі Әшімов. 



Актер өмірде тіл мен көздің барына сенеді. Екі ұлының қатарынан кетуін Әшімов дәл осымен байланыстырады. 

"Тіл-көзге сенемін, тіпті көз жеткіздік десем болады. Менің жанұяма тіл тиді деп жаздым да. Екеуінің еш себепсіз қатар кетуінен солай ойладым", – дейді актер.

Әшімов ұлы Мәдидің соңғы демі шығарда жанында болған. Сонда ұлына қарап, өзінің қаншалықты шарасыз екенін түсінген. Кеңес заманында Құдайдың жоқ екеніне сеніп өскен актер ұлдары қайтыс болған соң, ойының өзгергенін атап өтті.

"Біз атеист болып өстік қой. 70 жыл бізге Құдай жоқ деп үйретті. Бірақ екі балам кеткенде Құдайдың бар екенін сездім. Мәдиім ауырып жатқанда: "Аға, уайымдамаңыз, 20 күннен кейін шығамын", – деді. Одан 20 күн өткен соң, жағдайы ауырлады. "Балам-ау, мынау не?" дегенде, "Жай әшейін" деп мені тыныштандырды. Ең соңғы тілі байланып жатқанда маған ұзақ қарады. Сонда: "Аға, сіз құдіретті едіңіз, мені құтқару қолыңыздан келмеді ме?" дегендей болды. Маған Құдайдай сенгені ғой. Ал Сағи аяқ астынан кетті. Бөлек тұратын. Үйге келіп қонып, апаммен екі сағат сөйлесіп, ваннаға ұзақ түсті. Залға жатайын деп төсек салып, жатып қалды. Содан таңертең тұрмай қалды ғой. Мәдиім екі айдай ауырды. Аралары 1,5 жас еді, біреуі жылдың басында, біреуі соңында кетті. Обал болды", – деп көзіне жас алды Әшімов. 



Актер ұлдарының өліміне өзін кінәлайды. "Кейбір жасаған күнәларым үшін Жаратушы солай жазалады" деп ойлайды. "Кейде өзімнен көремін. Даңдайсып кетіп қалған кездеріміз болды. Алла Тағала кішкене қағып жіберді ма деймін. Атақ-абыройлар көтеріп жіберген кездер болды. “Мә саған” деп көрсетейін деп төбемнен бір-ақ ұрғандай", – дейді Асанәлі Әшімов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр