Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай: Әкем мен анама сендерді жақсы көрем деп жақында ғана айттым

Белгілі әзілкеш, актер Нұртас Адамбай ұзақ уақыттан бері алғаш рет сұхбат берді. Актер карантин уақытын қалай өткізгенін, қандай жұмыстар атқарғанын айтты. Шығармашылық әрі жеке көзқарасын айтып өтті. 

Түрікменстан халқына деген құрметім үшін: Нұртас Адамбай шашының неліктен ағарғанын әзілмен түсіндірді

Бұл туралы актер Тимур Балымбетовпен болған сұхбатында айтты. 

Әзілкеш қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға үн қосып, пікірін айтып отырады. Оны оппозицияға жақын деп айыптайтындар көп. Алайда Адамбайдың өзі бұл пікірмен келіспейді. 

"Карантин уақыты көп адамның ойлануына, өзін өзі жеңуге, тәрбиелеуге көмектесті. Өз басымда солай болды. Мен мәселен, бұрын біреудің жетістікке жеткенін қаламайтынмын. Менде ғана болса деп ойладым. Қазір ол ойдан арылдым. Рухани тазарып, өзімді тәрбиеледім десем де болады. Алдымен анама, сосын әкеме оларды жақсы көретінімді айттым. Бұрын бұлай айтып көрмеген едім. Қазір мен көп өзгердім", - деді Адамбай.

Актердің айтуынша, оның қоғамда айтып жатқан пікірі билікке қарсы емес. Ол бар болғаны еліміздің дамуына өз үлесімді қоссам дейді. Халықтың жағдай жасалғанын қалайды. 

"Маған оппозицияны қалайсың ба деп жазатындар көп. Менің мақсатым билікті жамандау емес. Менің мақсатым кемшілікті айту. Оның дұрысталғанына үлес қосу. Мен билікті жек көрмеймін. Менің билікке тек қарсылығым жоқ. Мен халықтың мәселесін көтергім келеді. Менде оппозиционер болсам деген мақсат жоқ", - деді ол.

Бұл үшін ешқандай тосқауылдар болмайды дейді әзілкеш. Қоғамда айтқан ауыр сындары оның шығармашылығына кері әсер тигізбейді екен. 

"Көп өнер адамдары шығармашылығыма, өнеріме кесірі тие ме деп даусы шықпай жатады. Өз артын ойлайды. Сол үшін үндемейді. Олай мойламау керек деп санаймын. Керісінше сенен қорқу керек", - деді актер. 

Талқылау