Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар оқиғаларынан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға барды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Елбасы Анталияға Дипломатиялық форумға қатысу үшін барды", - деп жазды Үкібай Twitter парақшасында.
Анталия дипломатиялық форумы –жаһандық және аймақтық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасуға арналған пікірталас алаңы. Бұл жолғы форум "Дипломатияны қайта құру" ұранымен өтеді, деп атап өтті ол.
Айта кетейік, бұған дейін Әділет министрлігі Назарбаевтар отбасының құқығына қол сұқпау туралы заңды кім жоя алатынын айтқан еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"