“Тина Канделакимен жанжалдасқан”: Нұрлан Сабыров желіде тараған аудиожазба туралы айтты
Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров желіде тараған аудиожазбаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды
Осыған дейін Нұрлан Сабыров пен ресейлік журналист Тина Канделакидің телефон арқылы сөйлескен аудиожазбасы тараған. Әзілкеш бұл аудожазбаның фейк екенін айтты
"Тинамен телефон арқылы сөйлескен жоқпын. Бұл – фейк. Қолдауларыңызға рақмет. Баршаңызға тыныштық пен бейбітшілік тілеймін. Қазақстан, алға!" – деп жазды Сабыров желідегі парақшасында.
Бұған дейін ресейлік журналист Тина Канделаки Telegram-арнасына жазба жариялап, “Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр" деп айыптаған еді.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Канделакиға Қазақстанға кіруге рұқсат етілмейтінін айтты.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді