Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен кеудемді керіп жүрген жан емеспін": Нұрғали Нүсіпжанов жас көрінуінің құпиясын бөлісті

Қазақстанның еңбек сіңірген халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов болмысының нәзік болғанына қарамастан, осы күнге дейін есесін жіберіп көрмегенін айтады. Сондай-ақ, жасы ұлғайса да, ширақ көрінуінің сырын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрғали Нүсіпжанов

Нұрғали Нүсіпжанов отбасылық жағдайларға байланысты оқуын бітірген соң екі жылға жуық уақыт мал бағып, шопан болған. Кішкентай күнінен жылқыны серік еткен әншінің балалық шағы Алтынемел бөктерінде өткен. 

«Жас кезімнен әнші болуды армандадым. Оқуға баратын кезде әкем марқұм оқуды армандап жүретінімді сезетін. Ақырындап сұрап та қоятын. Бір күні сол ауылда үлкен-үлкен ақсақалдар болды. Бойлары – 2-2 метрден. Соларды шақырып, үлкен тоқтысын сойып, қуырдақ жасап, «Балаларың Нұрғалимен сөйлесіңдерші. Оқимын деп айтып жүр. Бұл не қылған оқу? Онша түсінбедім. Бұл бала сендердікі ғой» деді. Қазір жалғыз баласын қалай солай атады екен деп таңғалып отырамын», - деді Нұрғали Нүсіпжанов Қарақат Әбілдинаға берген сұхбатында. 

Сондай-ақ, ол осы сұхбатында өз заманында үкімет жүйесі болғанын жеткізді. Яғни үкімет оларды қайда ән салып, қайда жұмыс істеуі керегін шешіп отырған. Мұны жүзеге асыратын арнайы мекемелер де болған. Осы орайда ол той бизнеске қатысты пікірін де білдіріп өткен-ді. 

Нұрғали Нүсіпжанов

«Әрине, бұл әншінің де еңбегі ғой. Пайда тапқаны дұрыс, бірақ соны бәрібір жүйелі түрде ұлттық қадыр-қасиетті сақтай отырып жасауы керек», - деді ол.

Мұнымен қатар, өзінің шақырған тойдың бәріне бара бермейтінін бөлісті. Бұған себебі де жоқ емес. 

«Қазақта «Шақыруға бармасаң, кейін зар боласың» деген мақал бар. Мен кеудемді керіп, әрбір басқан қадамымды саудаға салып жүрген адам емеспін. Реті келіп, жағдайым болып тұрса, сосын бұл нәрсе баратын жердің ыңғайы мен жағдайына байланысты. Кейде жастарға тілек айтып, бата беруге шақырып жатады. Ондайдан қалмауға тырысамын. Өзімнің замандас жолдастарым мен азаматтарым бар. Адам баласы өз өмірінде, тіршілігінде арман-үмітпен өмір сүреді. Сол тілегімізді айтып жүруге тырысамыз», - деді өнер иесі Мұхит Сапарбаевқа берген сұхбатында. 

Мұнымен қатар, ол осыдан 4 жыл бұрын берген сұхбатында зейнетақысының 60 мыңға жеткенін айтқан-ды. Әрі қарай дені сау болса, ақырын барып ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетінін жасырмады. Мал ұстап, шама келгенше көкөніс екпек ниетте. 

Нұрғали Нүсіпжанов

Әртіс бала күнінен көгалдандырып ағаш еккенді ұнататынын бөлісті. Бүгінде 10 жасында 3-сынып оқып жүріп еккен ағашы әлі өсіп тұр. Агрономдар алма ағашының мұндай жасқа келуі сирек екенін айтады. 

Қазақстан ұлттық арнасы түсірген деректі фильмде халық әртісінің сыныптасы Төлен Сарыбаев мінезінің тұйық болғанын айтады. 

«Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы демекші, сол интернатта талай қазақ балаларының ішінде оқыдық. Балалардың көптігі соншалық, 20 бала бітірдік. Сонда Нұрғали екеуіміз бір партада отырдық. Нұрғали ұяңдау болды. Ол да өлең айтатын. Күні бүгінге дейін солай», - дейді Төлен Сарыбаев. 

Тағы оқыңыз >>> Пәктіктің белгісі: Нұрғали Нүсіпжановтың келіншегі неге беліне қызыл лента тағып алды

Адамның бойынан тек жақсы қасиеттерді көруге талпынып тұратын тұлға болмысы нәзік болса да, «Есемді жіберіп көрген жоқпын» дейді. 

82 жастағы әншінің бірінші некесінен 5 қызы бар. Үлкен қызы Бибігүл Нұр-Сұлтан қаласындағы хореография академиясында ректорлық жұмыс атқарып жатыр. Одан кейінгі қызы – дәрігер, ортаншы қызы – экономика саласының маманы. Төртінші қызы Нұргүл – ҚазҰУ түлегі. Осыдан 7 жыл бұрын Франция елінің Париж қаласында өткен дүниежүзілік пианино шеберлерінің байқауында бірінші орынды жеңіп алған. Дәл қазір Алматы қаласында өнер саласында жүр. Кенже қызы да өнер саласында қызмет етеді. Барселонадағы үлкен оқу орнында қылқалам өнері бойынша білім алады. 

Халық әртісі 26 тамыз күні отандық журналист Жадыра Сейдешке екінші рет үйленді. Аталған той қазақстандықтардың қызу талқысына түсті. Себебі әншінің қалыңдығы өзінен 42 жас кіші еді. Сондай-ақ, журналист «пәктіктің белгісі» ретінде беліне қызыл лента тақты. Осы орайда, көпшілік әншінің 82-ге келгеніне қарамастан, жас көрінетінін жарыса жазған еді.

Нұрғали Нүсіпжанов

«Жас көріну – менің артықшылығым немесе мұның белгілі бір сыры бар деп айта алмаймын. Өмірімді сахнаға арнап өткен адаммын. Өнерде жүріп игерген бір шаруам болса, соның барлығы сахнада көрініс табады. Ал соны көрсету үшін жинаған майымды, қарнымды көтеріп шықпай, өзіммен өзім болып шығайын деп ойлаймын. Сахна – киелі дүние. Оны кішкене баладан еңкейген кәріге дейін барлығы көріп отырады. Ұтымды, жанға жайлы дүние болса, тіпті, киімімізге де қарайды. Таралған шашымыз бен қиылған мұртымызға дейін қарап отырады. Біз сол себепті сахна адамы ретінде өнерге деген аманатты арқалаған адамдармыз», - дейді Нұрғали Нүсіпжанов «Қарақатпен шай» бағдарламасында. 

Мұнымен қатар, ол спортпен шұғылданатын достарының көп болғанын айтады. Сондай-ақ, көп нәрсе адамның табиғи икемділігіне байланысты екенін де жасырмады. 

Тағы оқыңыз >>> "Мықты адамдардан ұрпақ алып қалу керек деді": Белгілі журналист Нүсіпжановтың жұбайы туралы айтты 
Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Депутат зейнетақы жинағын қазақстандықтардың бәрі ала алмайтыны айтып қынжылды

Жамалов: Тұрғын үй немесе білім алу үшін жинақталған зейнетақы бәріне берілмейді

2020 жылы 4 баладан көп отбасына жәрдемақы қалай төленеді

Квартал сайын мекен-жай бойынша көмек көрсетіледі

Сауыншылар азайып жатыр: Еңбек министрлігі жәрдемақының кері тұстарын айтты

Нұрымбетов: Адамдар жәрдемақы алу үшін жұмыс істеуден бас тартады

"Күтіп баптауға 50 миллион теңге кетеді": Қостанай облысының әкімі өзінің 14 таңдаулы жекежайда тұруы жайлы сөз қозғады

Айтуынша, ол жекежайда орналасқан бір үйде ғана тұрады екен

Ақтауда 1 жасар баланың көз жұмуы: Бүлдіршін қайғылы оқиға болған үйге сол күні бірінші рет келген

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері мәлімдеді

«Әншілігінен гөрі актерлігі ұнайды»: Айқын Төлепберген фильмінің басты рөліне екінші әйелін түсіреді

"Оны режиссерлер де байқады"

Талдықорғанда балта ұстаған ер азамат автобусқа шабуыл жасады

Оқиға 6 желтоқсан күні орын алған

Есірткі қабылдауға мәжбүрлеген: Алматыда мүгедек қыз зорлық әрекетіне ұшырады

Оқиға 29 қараша күні орын алыпты

Алматылық тұрғын бір қорап кәмпит сыйлаймын деп жарты миллион теңгелік айыппұлға ілікті

Алғыс ретінде берген сыйлығының арты 500 мыңдық айыппұлмен аяқталды

"Әлем аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды

Бұл атаққа ОАР-ның атынан өнер көрсеткен ару ие болыпты
Çàãðóçêà...