"Мықты адамдардан ұрпақ алып қалу керек деді": Белгілі журналист Нүсіпжановтың жұбайы туралы айтты

Сексен екі жаста өзінен 45 жас кіші қызбен шаңырақ көтерген халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов көпшілікті таңғалдырғаны рас. Белгілі болғандай, оның жұбайы – журналист Жадыра Сейдеш. Бұл орайда әріптесін қуанышымен құттықтаған журналист Гүлвира Биғали оның кезінде «мықты адамдардан ұрпақ алып қалу керек» деген сөзін еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өз сөзінде Гүлвира Биғали әріптесінің 82 жастағы әнші Нұрғали Нүсіпжановқа тұрмысқа шыққанын естігенде шок болғанын жасырмады. 

«Жадыра Сейдеш әріптесіміздің 82 жастағы мықты әнші Нұрғали Нүсіпжановпен отбасын құрып жатқанын естігенде шок алғанымыз рас. Алайда Жадыра КТК арнасындағы хабарларын жасаған кезде үнемі осындай өресі биік адамдармен көп әңгімелесетін», - деп жазды журналист Instagram желісінде.

82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың жүрегін жаулаған ару кім

Сондай-ақ, ол Жадыра Сейдештің «мықты адамдардан ұрпақ алып қалу керек» деген сөзін еске алды.

«Тіпті екеуіміз шәй ішкен кезде үнемі: «Осындай мықты адамдардан ұрпақ алып қалу керек», -  дейтін еді. Соңғы уақытта Жадыра телевизиядан да көрінбей кетті. Сөйтсем, әріптесім мықты әншімен үйленіп, бомба жарып жүр екен», - деген Гүлвира Биғали әріптесіне бақыт тіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың үйленгені туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Айгүл Иманбаева: Баян енді басты рөлді бермесе, киноларына түспеймін

Иманбаева: Баян екеуміз қазір жақын қатынаста емеспіз

Ернар Айдар шетелдік әнші Арашпен бірге концерт бермек

Әли Оқапов: Мен өзге әншілердің танымалдығының арқасында көрермен жинағанды жек көрем

Көкшетаулық оқушы қыз Нұр-Сұлтанда мас күйінде табылды

Бойжеткен үйіне оралудан бас тартты

Бағасы 11 мың теңге: Баян Алагөзова мен Ерке Есмахан арзан көйлек киіп жүр ме

Желі қолданушысы: Продюсердің көйлегі арзан бағадағы дүкеннен алынған көйлектің көшірмесіндей

Алматыда мас әйел тротуардағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Жаяу адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды

"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда қару ұстаған видео кейіпкері ұсталды

Күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты

Талдықорғандық тұрғын салық органын сотта жеңіп шықты

Сот үкімінде тұрғынның қарызының жоқ екені анықталды

Оралда 60 қымбат көліктің ортасында қыдырған ер адам ұсталды

Қазір жарияланбайтын нақты ақпарат бар

Айдар Тұрғанбек: Әйелімді қатты жақсы көре бастадым

Әнші: Екінші әйелімді ұшақпен алып қаштым

Көктайғақ, боран болады: Мамандар ауа райы болжамын айтты

Республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қар жауады
Çàãðóçêà...