Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақын Нұрғали Нүсіпжановпен отау құрған журналист жайлы: Екіқабат дегендеріңіз қай сасқандарыңыз, қайта қуанбаймыз ба?

Ақын Құрманай Бақтиярқызы Нұрғали Нүсіпанов пен журналист Жадыра Сейдештің отау құрғанын құптап, бақыт тіледі. Желі қолданушыларынан сын-пікір жазбауды сұрады. 

"Нұрғали Нүсіпжанов ұлы тұлға. Жадыраның ақылды сабырлы қыз екені амалынан көрініп тұр. Жақын танысып араласпаған адамдар артық кетпеңіздерші. Рахмет саған, Жадыра. Алла разы болсын. Қатты ауырып қалғанда қасынан табылып, жаныңмен беріліп бабтағаның үшін өз оқырмандарымның атынан үлкен құрметпен рахмет айтамыз. Менің оқырмандарым Нұрекеңді қатты сыйлайды деп білемін. Нұрғали ағам сіз сияқты қартайғанда жүрек жылытар, ауыр күндерін ұмытар кезді қайта сыйлаған жанға лайықты болғанына Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды ақын парақшасында.

Құрманай Бақтиярқызы Меруерт Өтекешованың  қолын сүйгені үшін сынға алған көпшілікке кеңесін айтты. Актрисаның ондай құрметке лайықты жан екенін жазды. 

"Меруерт Өтекешова анамның қолын сүйгеніңізде жүрегім елжіреп тұрды. Мен болсам Қыз Жібегімнің аяғын сүйер едім мүмкіндік болса. Төлеген ағамды қалай баптап қарады. Өмірінің соңына шейін адал болған жаны таза адамның қолынан сүйді деп келемеждегендерде ес жоқ екен деп қарным ашты. Екіқабат шығар деген жұртым-ау, қай сасқандарыңыз? Қуанбаймыз ба? Қуана алмайсың ба? Уыңды шашпа. Жап-жас көңілін жығып, үлкен жанға тұрмысқа шығып қызық қуып емес, ұлы тұлғадан туып Қазақтың ұлы өнерін жалғайтын тұяқ қалдырса ол Жадыраның ниетімен бір Алланың қалауында ғой. Нұрғали ағам қазіргі жауапкершіліксіз бай әйелдерден, ұялмай дүниесін пайдаланған альфонстардан гөрі салыстыра алмайтын салихалы саф алтындай Азамат!!!

Отыздан аспай жатып семіріп кеткендерден әлдеқайда ширақ. Парасатын, көрген білгенін ақылға қонымды ақылын азық етіп ғашық болған Жадыраға ЖАРАЙСЫҢ!!! Ақ көйлегіңе кір түсірмейтін түсінігі мол Арыстан тұлғалы Азаматты бақытты еткейсің!!! Жадыраға дүниесі жетеді. Рухы мықты әкеден, тәрбиесі мол анадан туған қыздың қолынан ұстаған Нұрғали аға жүз жасаңыз. Сайкымазаққа жол бермеймін. Тым болмаса өз оқырмандарыма
Ал менің ойлы оқырмандарым мен талғампаз тыңдармандарым!!! Алланың қалауымен басын қосқан дара, дана жандарға ақ тілек жазайықшы. Мен сіздерге сенем!!!", - деп жазды Құрманай Бақтиярқызы. 

Талқылау