Нұралы Әліп Ресей кубогінің финалында жеңіс голын соқты
Жақында ғана "Зенит" сапында Ресей чемпионы атанған Нұралы Әліп Ресей кубогінде де жеңімпаз атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұралы Әліп Ресей кубогінің суперфиналында жеңіс голын соқты. "Зенит" пен "Балтика" командалары арасында өткен матчтың 95-минутында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы соққан гол “Зенитке” сыйланды. Мәскеудегі "Лужники" стадионында ойынның негізі уақыты тең аяқталған. Төреші қосқан қосымша минутта Нұралы Әліп Санкт-Петербург командасына жеңіс сыйлады. Сөйтіп Нұралы "Зенит" сапында ресми ойындағы алғашқы және жеңіс голын соқты.
Айта кетейік, Нұралы Әліптің командасы бұл маусымда алтын дубль істеді. Команда осыған дейін Ресей чемпионатын жеңіп алған еді.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық

