"Нұр-Сұлтанның үстінен дәрі шашу": Әкімдік желіде тараған хабарламаға жауап берді
Түнде дезинфекциялық ерітіндінің астанаға шашыратылатыны туралы хабарлама сенімсіз, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елорда тұрғындары WhatsApp мессенджері арқылы ескерту жазылған хабарлама ала бастады.
"Бүгін, сағат 23:00-ден таңертеңгі 5-ке дейін тікұшақтар дезинфекцияға арналған дәрі-дәрмектерді шашады, терезелер мен балкондар жабық болуы керек, ал сіз 23:00-ден кейін көшеде бола алмайсыз. Бұл туралы әскери бөлімнен хабарлады", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі ақпараттың дұрыс еместігін түсіндіріп, азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады.
Барлық ресми ақпарат әкімдіктің сайтында орналастырылған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустың 27 жағдайы расталды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар