Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтанға келген әуе жолаушысынан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПТР сынағынан өткені туралы сертификаты жоқ әуе жолаушыларын карантин стационарына жедел жеткізу шараларының көмегімен елорданың медицина қызметкерлері тұрғындар арасында инфекцияның таралуын болдырмай, науқасқа уақтылы көмек көрсетті.
30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген. Ол әуежайдан бірден карантин стационарына жеткізіліп, қажетті зертханалық тексерулерден өтті.
Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері анализ алған соң 4 сағаттан кейін дайын болған. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Ер адамды тұрғылықты жеріндегі емханалардың медициналық мамандары бақылайды.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады