Нұр-Сұлтандық көлік жүргізушілері жол үстінде төбелесіп қалды (видео)
Нұр-Сұлтанда жол бойында төбелескен жүргізушілер видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мониторинг барысында Бөгенбай батыр даңғылындағы "Газель" және Mercedes автокөліктерінің жүргізушілері арасындағы төбелес фактісі анықталды. Жанжал бір-біріне жол бермегеннен туындаған. Ашуға булыққа олар қырғын төбелес шығарған. Жұдырық ала жүгіргендердің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді.
Аталған факті бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаменті Нұр-Сұлтан көлік жүргізушілеріне қоғамдық тәртіпті бұзбауға, апатты жағдай туғызбауға және көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасамауға ескертті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар