Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандық әйел 2 жасар қыздың телефонын тартып алған (видео)

34 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны 2 жасар баланың қолындағы телефонын тартып алған. Әйелдің ұрлық жасаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Литер" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, елордалық қонақүйлердің бірінде әкімші болып қызмет атқаратын әйел шағым түсірген. Ол жұмыс орнында болған кезде өзінің 2 жасар қызына смартфонын ұстатып, екінші қабатқа көтеріліп кеткен. 

Осы аралықта белгісіз әйел оның қолындағы телефонын тартып алған. 

Ұрлық сәті видеоға түсіп қалды. Кадрдан баланың тепешек арқылы көтеріліп бара жатып, әйелмен кездесіп қалғаны көрінеді. Күдікті қыздың қолынан телефонды көріп, тартып алған. 



Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер қылмыстық іске қонақүйдің бұрынғы клиенті барғанын анықтап, қолға түсірді. 

34 жастағы әйел бұрын да сотталған болып шықты. Телефон иесіне қайтарылып, аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің "ұрлық" бабы бойынша іс қозғалды. 

Полиция департаменті кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды өтінді.

Талқылау