Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскесінің төбесі құлап қалды
Нұр-Сұлтанның ескі орталығындағы сайлау учаскелерінің бірінде аспалы төбе жартылай құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға учаске ашылғаннан кейін көп ұзамай болған. Суреттер Telegram-арнада жарияланды.
Бұл ақпаратты елорданың білім басқармасында растады.
"№145 сайлау учаскесінде (Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылының қиылысы, №3 мектеп-гимназия) аспалы төбеге аздап техникалық зақым келді. Ақаулық түзетіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта сайлау учаскесінің жұмысы штаттық режимде жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтуде. Сайлау учаскелері 07.00-ден 20.00-ге дейін ашық.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған