Нұр-Сұлтандағы бассейндердің бірінде қыздың мәйіті табылды
Нұр-Сұлтандағы спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 16 қаңтарда сағат 10.18-де кезекші полиция бөліміне астанадағы спорт кешенінің бассейнінде қыздың денесі табылды деген хабарлама келіп түскен. Ақпаратты жедел-тергеу тобы растады.
- "Жүзу - респираторлық ауруларды алдын алудың керемет тәсілі": Фитнес-клуб басшысы бассейндерді ашу не себепті маңызды екенін айтты
- Елорданың сауда-ойын-сауық орталығында бассейнге батып кеткен қыздың ісі: Әкесі бір жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр
"Спорт кешенінің жаттықтырушысы бассейнде қозғалмай жатқан қыздың денесін тапты. Оны судан шығарғаннан кейін ол жасанды тыныс алу мен жүрекке массаж жасай бастады. Жедел жәрдем келген кезде 21 жастағы қыздың көз жұмғаны белгілі болды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы төрт адам болған. Марқұм бұл бассейнге бірінші рет келген. Дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті