Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүзу - респираторлық ауруларды алдын алудың керемет тәсілі": Фитнес-клуб басшысы бассейндерді ашу не себепті маңызды екенін айтты

Валихан Тен "World Class Almaty" фитнес-клубының бас директоры, фитнес индустриясында 20 жылдай жұмыс істейді, бұқаралық және кәсіби спортты дамытып жүр. Жақында ол республиканың бас санитар дәрігері және Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға фитнес-клубтарда бассейндерді ашу керек деген өтінішпен, жолдау жасаған. Жолдауының мақсаты мен суда жүзудің пайдасы жайлы Stan.kz тілшісі Валихан Теннен сұрап білді.

"Әлемдік жүзу федерациясы сайтында ДДҰ дәрігерлерінің және Швейцариядағы Утрехт медицина университеті дәрігерлерінің хаты жарияланған. Ол жерде бәрі нақты айтылған: COVID-19 бассейндерде өмір сүрмейтіні жазылған. Жеті парақтан тұратын құжатта барлығы анық жазылған. Бассейнді ашу - қауіпсіз, тіпті суда жүзу респираторлық ауруларға алдын алудың керемет тәсілі", - дейді спортшы. 

Айтуынша, бассейн ашудың регламентін сақтаса, оны ашу қауіпсіз. Ал адамдарға қайта қалыпқа келу керек.

"Қазақстандықтарға бұлшықеттерді нығайту, респираторлық тұрғыда қалыпқа келу,  қимыл-қозғалыс керек. Ең бастысы психологиялық қысымға ұшырап жатқан қазақстандықтарға қозғалыс, дайындық керек. ДДҰ дәрігерлері келген тұжырым, құжат қауіпсіз екені атап өту керек", - дейді Валихан Тен. 

Фитнес-клуб директоры кешеннің төрт айдан аса қиын жағдайды бастан өткеріп жатқандығын айтады.

"Барлық бизнес-модель бұзылып жатыр, қазір тек жаттықтыру залдарын ашты, ал жүзу бойынша  жаттықтырушылар жұмыс істеп жатқан жоқ. Құрамында жүзу дисциплинасы бар федерациялар жұмыстары тоқтап тұр. Сонда қаржылық жағынан да, спортшылар мен жаттықтырушы құрамының психологиялық дайындық тұрғысынан да қиын жағдай орын алды.

Денсаулық сақтау басқармасы, санитарлық дәрігер Еуропадағы, Ресейдегі, батыстағы Қырғызстандағы әріптестерінің тәжірибесіне назар аударып, ДДҰ дәрігерлері тұжырымдары негізінде бассейндерді ашса дейміз. Бір қызығы, коммерциялық бассейндер Алматыда жұмыс істеп тұр. Ешкімді ұстап бергеміз келмейді, бірақ қалада жүріп өтсеңіз, оларды көруге болады. Бұл дұрыс емес", - дейді ол.

Айтуынша, ол желіге жариялаған видеодан кейін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі фитнес-клубтар бастамасын қолдаған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

#откройтебассейныкз @aleksey_tsoi @tokayev_online

Публикация от Valikhan Ten (@valikhan_ten)

Айта кетейік, бүгін үкімет шешімімен 31 тамыздан бастап еліміздегі барлық бассейндер ашылатын болды.

Талқылау