Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда Ресей азаматы коронавирус індетінен көз жұмды

Нұр-Сұлтанда тағы бір науқас коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бұл туралы Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді. 

«Қазіргі таңда қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған 433 адам тіркелді. 255 науқас стационарларда жатыр, 207 адам емделіп шықты, үйде карантинде 2 396 адам бар. Өкінішке қарай бүгін сағат 10:40-та бір әйел адам қайтыс болды», - деді Бақтияр Мәкен. 

Сөзінше, 64 жастағы науқас 15 сәуірде жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Сол кезде науқастың жағдайы өте ауыр болған, осы орайда оны дереу өкпені жасанды желдету аппаратына қосу туралы шешім қабылданды. Тексеру барысында аталған адамда коронавирус инфекциясы анықталған. Сондай-ақ науқастың жаңдай басқа да аурулардың кесіренен асқынып кеткен.

«Ем-дом шаралары клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Сағат 10:40 кезінде науқастың жүреге тоқтады. Осы жағдайға байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жақында түскен ақпаратқа сәйкес, аталған науқас Ресей азаматы болған», - деді әкім орынбасары.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр