Нұр-Сұлтанда өрт: 13 көлік жанып кетті
Нұр-Сұлтанда 13 көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көлік жуу пунктінің екі қабатты ғимаратында автокөліктердің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша, 13 жеңіл көлік зақымданды, оның 12-сі толығымен жанып кетті», - деп хабарлады ТЖМ.
Автомобиль жуу орынында көліктер тығыз орналасқандықтан өрт сөндіру қиын болды. Өрт сағат 10.21-де оқшауланып, 10.53-те сөндірілді.
Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар қызметі азаматтарға, техникалық қызмет көрсету станциясының иелеріне және басқа кәсіпорындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынды.
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен
"Теннисті таңдауыма әкем себепкер болды, ал Еленаның жетістіктері – біз үшін үлкен мотивация" – Заңғар Нұрланұлы
Заңғар Нұрланұлы Australian Open–2026 турнирінде ширек финалға дейін жетіп, Қазақстан теннисі тарихында мұндай нәтижеге қол жеткізген алғашқы қазақ спортшысы