Нұр-Сұлтанда мас әйел көлігімен 3 адамды соғып кетті, арасында 2 жасар бала бар
Нұр-Cұлтан қаласында мас күйінде көлік жүргізген әйел үш адамды қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елорданың полиция департаментінің мәліметінше, 21:03-те Mazda маркалы автокөлік Косшығұлұлы көшесінің бойымен Бейсеков көшесінің жағынан келе жатып қарсы бағытқа шығып кетіп, содан кейін тротуарда 2001 және 2002 жылы туған қыздарды, сондай-ақ 2018 жылы туған арбадағы баланы соғып кеткен.
"Зардап шеккендер түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Көлік жүргізушісі орташа дәрежедегі мас күйінде болған. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 1986 жылы туған күдікті Нұр-Сұлтан ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полициядан.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған