Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шараларды күшейту туралы жарлыққа астаналық санитарлық дәрігер қол қойды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Құжатқа сәйкес, елордада коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын тежеу үшін қосымша шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Осылайша, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмыс режимі жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өзгертілді, демалыс күндері ондағы супермаркеттер мен дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді.
Сауда орталығындағы жаппай вакцинация пункттері аптасына 7 күн жұмыс істейді. Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері де жұмыс істей алады.
Қоғамдық көліктер жексенбіден басқа аптаның 6 күні штаттық режимде жұмыс істейді. Демалыс күні автобустар дезинфекцияланады. Кез келген бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған.
Жаңа ереже 2021 жылғы 27 маусымда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Еске сала кетейік, екі күн бұрын Нұр-Сұлтанда коронавирустың "үнді" штаммы анықталғаны хабарланған еді. COVID-19 ауруы елордада көбейіп жатыр – соңғы тәулікте мұнда жарты мыңнан астам науқастар анықталды. Бұл елдегі жалпы аурудың үштен біріне жуығы. Бір күн бұрын Нұр-Сұлтанда инфекцияның өсуі 411 жағдайды құрады, ал бір күн бұрын – 323 жағдай болды. Эпидемиологиялық бағалау матрицасына сәйкес, елорда "қызыл" аймақтағы жалғыз аймақ болып қала береді.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
