Нұр-Сұлтанда шетел азаматы мешітте намаз уақытында ұрлық жасаған (видео)
Нұр-Сұлтанда Өзбекстан азаматы намаз уақыты кезінде ұрлық жасаған. 22 жастағы мигранттың елордаға маусым айының соңында келгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік азаматтың ұрлықтың алты жайтына қатысы бар екені белгілі болды. Ол көбіне ақша мен ұялы телефондарды қолды еткен. Күдікті жасаған қылмыстарының бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білмеген. Аталған қылмысқа қатысты бейнетаспалардан оның ұяшықтардан келушілердің сөмкелерін алып, ұрлық жасағанын көруге болады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды. Жігіт кінәсін мойындады, полицейлер заттай айғақ ретінде төрт телефон тәркіледі. Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады